Бұл жолы «Комек Машинери Казахстан» ЖШС жұмысшылары да белсенділік танытып, тазалық шараларына ат салысты.
«Біз «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаймыз. Бұл шара еліміздің тазалығын сақтауға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жоғары мәдениетін көрсетеді. Бұл бастама еліміздің түкпір-түкпіріне таралып, жалпыхалықтық акцияға айналады деп үміттенеміз», — деді компания өкілдері.
«Комек Машинери Казахстан» - бұл арнайы техника саласындағы қазақстандық дистрибьютор және сервис серіктесі. Компанияның негізгі қызметі - премиум-класты құрылыс, тау-кен, жол және коммуналдық техникаларды жеткізу, қызмет көрсету және сервиспен қамтамасыз ету.