КЕРІ БАЙЛАНЫС

Корпоративтік орталықта оқу-жаттығу ұйымдастырылды

"2026 жылғы 23 шілдеде сағат 11:00-де корпоративтік орталықта Сарыарқа ауданы ТЖБ және"Апаттар медицинасы орталығы" ММ өкілдерін тарта отырып, өрт туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу сабақтары (УТЗ) ұйымдастырылды.


Оқу жаттығу барысында компания қызметкерлеріне нақты көрсетілді:


1) өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі;


2) өрт техникасының өрт орнына кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қағидалары;


3) ұнтақты өрт сөндіргішті пайдалану тәртібі;


4) зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері.


Сонымен қатар, мамандар келесі тақырыптар бойынша практикалық оқыту жүргізді:


1) жүрек-өкпе реанимациясы (жанама жүрек массажы);


2) инсульт және инфаркт кезінде алғашқы көмек көрсету;


3) қан кету түрлері және оларды тоқтату тәсілдері;


4) сынықтар және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету.


Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ынтымақтастық және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!