Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы аясында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған машина жасау» секциялық отырысы өтті.
Баяндамамен «KOMEK МАШИНЕРИ Қазақстан» ЖШС тау-кен департаментінің директоры Шаймерденов Арман Идрисович сөз сөйледі.
Форум – мемлекет пен бизнес арасындағы диалогтың негізгі алаңы. Мұнда саланы дамыту, импортты алмастыру және технологиялық жаңғырту бойынша шешімдер қалыптасады.
Негізгі мақсат – отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу.
KOMEK МАШИНЕРИ Қазақстан - сараптама мен тәжірибе арқылы индустрияның дамуына үлес қосуда.