КЕРІ БАЙЛАНЫС

"Богатырь Көмір" ЖШС-де тау-кен техникасы паркін жаңарту жалғасуда.

Бүгін кәсіпорында Komatsu wa900-8R доңғалақты тиегіш пайдалануға берілді.


Салтанатты іс – шара барысында Бас директордың орынбасары-Атқарушы директор Андрей Свинко аталған тиегіштен басқа бес экскаватор сатып алынғанын хабарлады. Олардың үшеуі қазірдің өзінде іске қосылды, ал біреуі құрастыру сатысында, бесіншісі келесі жылы жеткізіледі деп күтілуде .


Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Усик көмір өндіру энергетиканың негізі болып табылатынын және бұл қуатты техника өндіріс көлемінің өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Ол экипажға тұрақты жұмыс және өндірістік жоспарлардың мінсіз орындалуын тіледі.


Өз кезегінде "KOMEK Machinery Kazakhstan" ЖШС жеткізуші компаниясының өкілдері Арман Шаймерденов, Гото Рюзо және Мұрат Батырбеков Komatsu брендін таңдағаны үшін ризашылықтарын білдіріп, технологиялық көлік басқармасының директоры Асылбек Нұрғалиевке символдық кілтті табыс етті.