КЕРІ БАЙЛАНЫС

«ЕЭК» АҚ (ERG) «Восточный» кенішіне Komatsu HD1500-8 карьерлік автосамосвалдарының кезекті партиясы пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасындағы Komatsu техникасының ресми дистрибьюторы – «КОМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан» ЖШС еліміздегі ең ірі тау-кен кәсіпорындарының бірі – «Восточный» кенішіне заманауи Komatsu HD1500-8 карьерлік автосамосвалдарын жеткізуді жалғастыруда.

Техниканың кезекті партиясының тапсырылуы тапсырыс беруші тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің айқын дәлелі әрі карьерлік көлік паркін жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңі болып табылады. Komatsu HD1500-8 – ең күрделі пайдалану жағдайларында жоғары өнімділік, сенімділік және қауіпсіздікке қол жеткізу үшін әзірленген жаңа буын карьерлік автосамосвалы. Бұл үлгідегі алғашқы машиналар «Восточный» кенішінде сәтті жұмыс істеп, Қазақстандағы алғашқы HD1500-8 автосамосвалдары атанды.

Komatsu HD1500-8 негізгі техникалық сипаттамалары:

✔ Жүк көтергіштігі: 141 тонна

✔ Кузов көлемі: 131 м³ (көмір тасымалдауға арналған арнайы жинақтама)

✔ Komatsu SDA16V159-3 қозғалтқышы

✔ Қуаты: 1 598 а.к. (1 175 кВт)

✔ Ең жоғары жылдамдығы: 56,5 км/сағ

✔ KomVision шолу жүйесі

✔ KOMTRAX Plus қашықтан мониторинг жүйесі

✔ ARSC – еңісте жылдамдықты автоматты түрде ұстап тұру жүйесі

✔ KTCS – карьердің күрделі жағдайларында сенімді қозғалысты қамтамасыз ететін тайғанауға қарсы жүйе

✔ Бұрылу радиусының шағын болуы

Техниканы жеткізу – ынтымақтастықтың тек бастамасы. «КОМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан» ЖШС жабдықтың толық өмірлік циклін қамтамасыз етеді: пайдалануға енгізу, операторларды оқыту, кепілдік және сервистік қызмет көрсету, түпнұсқа қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және тапсырыс беруші алаңында тәулік бойы техникалық қолдау көрсету.

Серіктестерімізге білдірген сенімі үшін алғыс айтамыз. Komatsu компаниясының заманауи технологиялары Қазақстанның тау-кен кәсіпорындарына өндірістің өнімділігін, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға көмектесіп жатқанына мақтанамыз.

«КОМЕК МАШИНЕРИ Қазақстан» ЖШС – Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің сенімді серіктесі.