Тиеп-жеткізу машиналары
Komatsu WX07 тиеп-жеткізу машинасы
Шөміш көлемі | 3,1 м3 |
Қозғалтқыштың қуаты | 215 л.с. |
Жылдамдық | 24,1 км/ч |
Komatsu WX04 тиеп-жеткізу машинасы
Шөміш көлемі | 1,9 м3 |
Қозғалтқыштың қуаты | 130 л.с. |
Жылдамдық | 24 км/ч |
Тиеп-жеткізу машиналары ТЖМ) жерасты тау-кен жұмыстарына арналған. ТЖМ-ның негізгі міндеті – жарылған тау-кен массасын шахталық автосамосвалдарға тиеу, кенжардан тастарды тасу және жынысты кетиру, конвейерлер астындағы төгінділерді тазалау, шахтадағы қосалқы жұмыстар, ТЖМ шөмішімен әртүрлі жүктерді тасымалдау. Тиеп-жеткізу машинасы өзінің әмбебаптығына байланысты шахтадағы негізгі құрал-жабдықтардың бірі болып табылады. Шөміштен басқа, тиеп-жеткізу машинасы әртүрлі қосымша жұмыс органдарымен жабдықталуы мүмкін, мысалы, көлік шанышқылары. Қазіргі заманғы ТЖМ-лердің шөміш көлемі 1 м3-ден 8,5 м3-ге дейін өзгеруі мүмкін.
Өздігінен жүретін көліктерді пайдаланудың артықшылықтары
- ТЖМ жүк көтергіштігі модельге байланысты 1-ден 20 тоннаға дейін.
- Шөміш көлемі 1 м3-ден 8,5 м3-ге дейін өзгеруі мүмкін.
- ТЖМ кенжарда жұмыс істеу үшін немесе көмекші жұмыс үшін пайдаланылуы мүмкін